Қазақстанда 25 жылдан кейін екі адамды өлтіру қылмысы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ІІМ прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды. Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

"Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети