Қазақстанда адам саудасымен байланысты қылмыс көбейген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда адам саудасымен байланысты қылмыс көбейген Көрнекі сурет: nvdaily.ru

Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда бірден екі есеге көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда бірден екі есеге көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елде адам саудасына байланысты 63 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Қылмыстардың көп бөлігі жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондар ұйымдастыруға немесе ұстауға қатысты болады: 35 жағдай, бірден 75 пайызға көп.

Тағы сегіз жағдай кәмелетке толмағандарды сатумен байланысты, жеті іс кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартуға байланысты, алты іс адам сату және жезөкшелікке тартуға қатысты, ал бір жағдай пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру жағдайына келеді.

Жалпы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсада адам саудасына байланысты 120 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,1 пайызға аз.

Биылғы бес айда кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін 25 адам, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық үшін - алты адам, адам саудасы үшін - төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Көпшілігі Қазақстан азаматтары, сондай-ақ "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша ТМД елдерінің екі азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Адам саудасына байланысты қылмыстарға кінәлілердің барлығы дерлік орта немесе орта арнаулы білімі бар жұмыссыздар. Жыл басынан бері мұндай құқық бұзушылықтардан 25 адам, оның ішінде 23 әйел, тоғыз кәмелетке толмаған адам зардап шеккен.

"Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру" бабын есептемегенде (ҚК-ның 126-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының деректері бойынша, Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінде адам саудасы құрбандарының басым бөлігі мәжбүрлі еңбек (66 пайыз) және сексуалдық ниетте (23 пайыз) пайдалану үшін бас бостандығынан айыру негізінде жүреді.

Орталық Азия елдеріндегі құрбандардың көпшілігі - ересек әйелдер (55 пайыз). Алайда ер адамдар - 32 пайыз, оның ішінде ұлдар - сегіз, қыздар - бес пайызды құрайды.

Қазақстан адам саудасы туралы жаһандық баяндамада "бақылау тізімінен" елдердің екінші санатына (Tier 2) өтті. Бұл адам құқықтарын қамтамасыз етудің осы саласындағы жағдайдың жақсарғанын көрсетеді, деп хабарлады СІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети