Қазақстанда биыл жиі ұрланған көлік маркалары аталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда биыл жиі ұрланған көлік маркалары аталды

ІІМ 2021 жылы Қазақстанда жиі ұрланған көлік маркаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ 2021 жылы Қазақстанда жиі ұрланған көлік маркаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең көп ұрланатын көлік маркалары - Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus", - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

ІІМ автокөлік иелеріне көлік ұрлануының алдын алу үшін кеңестер берді.

"Көлігіңіздің есігін ашық, кілтті көлікте қалдырмаңыз. Көлікті түнде гаражға немесе күзетілетін автотұраққа қойыңыз. Оны ұрлыққа қарсы қорғаныс құралдарымен және GPS маяктарымен жабдықтаңыз. Автокөлікте құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз. Жеке тұлғалардан автокөлік сатып алу кезінде  құжаттарын талап етіңіз", - деп ұсынды Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети