22 мамыр 2017 17:14

Қазақстанда халықты алдап жүрген жаңа қаржы пирамидалары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы уақытта елімізде қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың белсенділігі артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook желісінде жазды.


Соңғы уақытта елімізде қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың белсенділігі артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook желісінде жазды.

Оның мәліметінше, 2016 жылы қаржы пирамидасын құру және оны басқару бойынша 350 қылмыстық іс қозғалған болса, биылғы төрт айда-ақ мұндай істер саны 351-ге жетіп отыр. Ал алаяқтардың алдауынан он мыңдаған қазақстандық зардап шеккен. 

Осылайша, Қызылорда облысында Questra Holdings Inc. шетелдік компаниясының қылмыстық әрекетінің әшкереленді. Оның қызметкерлері компания есебіне 30 мың теңге аударған адамдарға жарты жылда үстіне 40 мың теңге қылып қайтарамыз деп алдаған. 

Мұның алдында Астанада алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. "Респект" ЖШС-ның директоры К.Ж.Ибраев компания BANK OF KINGDOM ұлыбританиялық банкімен келісімге отырып, 1000 еуро көлемінде кепілсіз кредит берумен айналысады деп елді алдаған. Ол адамдармен кредит алу бойынша келісімшарт жасасып, 75 мыңнан 7 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем жинап, ізім-ғайым жоқ болған. Алданған азаматтар саны мыңнан асқан. Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша Ибраев 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

"Осыған байланысты ішкі істер органдары азаматтарға абай болып, жылдам пайда табуды ұсынған ұйымдардан аулақ болуға шақырады", - деп жазды Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети