22 қараша 2021 12:31

Қазақстанда интернет-алаяқтық жағдайлары күрт көбейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Интернет-алаяқтық оқиғаларының саны 2021 жылдың 10 айында 2020 жылмен салыстырғанда 80 пайызға өсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернет-алаяқтық оқиғаларының саны 2021 жылдың 10 айында 2020 жылмен салыстырғанда 80 пайызға өсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта интернет-алаяқтық қоғамда кең тарады. 2019 жылы Қазақстанда олардың саны 7 700 болса, 2020 жылдың аяғында 14 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Биылғы жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстар саны 14 мыңнан асты. Бір жылда олардың саны 80 пайызға өсіп, 17 800 қылмысты құрады", - деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, интернет-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері:

  • жарнама арқылы өнім немесе қызмет үшін аванстық төлем алу (олар интернеттегі алаяқтықтардың жартысын құрайды - 8,2 мың);
  • микрокредиттік ұйымдардың веб-сайттарында онлайн несие тіркеу (жыл басынан бері мұндай қылмыстардың 3 мыңға жуығы жасалған);
  • азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шоттарынан ақша ұрлау - 2300 іс.

"Көп жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған нөмірлермен қоңырау шалған. 1200 жағдайда жәбірленушілер фишингтік интернет-ресурстарға деректерін өз еркімен енгізген. Түрлі жобаларға, ойындарға тиімді инвестициялау желеуімен 2000-ға жуық алаяқтық жасалған", - деп қорытындылады ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети