Қазақстанда жыл басынан бері 9 мың жүргізуші мас күйінде ұсталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жыл басынан бері 9 мың жүргізуші мас күйінде ұсталған Фото:elements.envato.com

Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері мас күйдегі жүргізушілердің кінәсінен 193 апат болған, 8 900 жүргізуші ұсталған. Ішкі істер министрлігі осындай статистика жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері мас күйдегі жүргізушілердің кінәсінен 193 апат болған, 8 900 жүргізуші ұсталған. Ішкі істер министрлігі осындай статистика жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылдың алты айында, қаңтардан маусымға дейін, полиция 8 900 жүргізушіні мас күйінде ұстаған, ал 4 100 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған. 8,6 мың қазақстандық әкімшілік қамауға алынған.

Мас жүргізуші ұйымдастырған апат салдарынан 118 адам зардап шеккен не қаза тапқан. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда азайған екен. 

"Қаңтардан бастап мас күйдегі жүргізушілер 193 жол-көлік оқиғасын жасады, соның салдарынан 39 адам қайтыс болып, 253 адам жарақат алды.

Былтыр дәл осы мерзімде 219 апат болған, бұл 12 пайызға көп. Сол кезде 301 адам жарақат алып, 45 адам көз жұмған", - деді ІІМ өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети