1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды01 қазан 2020, 07:42

Қазақстан миграция саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жолға қойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы екі жылда ІІМ бастамасымен көші-қон саласындағы 23 халықаралық келісімге қол қойылған. Олардың бесеуі миграция саласындағы ынтымақтастықты (Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен) реттейді, 15-і тұлғалардың реадмиссия мәселесін (Беларусь, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария және Бенилюкс елдерімен) реттейді және үшеуі азаматтардың Тараптардың (Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) территориясында жүру тәртібін анықтайды. 

ІІМ миграция қызметі Қазақстанда әзірленген алгоритм бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жыл басынан бері қос азаматтығы бар 284 адамды анықтаған.

Азаматтығынан айырылған тұлға бола отыра, олар қазақстандық құжаттарды Қазақстанға кіру және тұру үшін пайдаланған. Олардың кейбірі шет мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы хабарламаны уақытылы жеткізбегені үшін жауапқа тартылды.

266 адамға (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынды және 18-і қуылды. Оларды жазалау шешімін сот органы шешеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!