Жамбыл облысы мен Оңтүсік Қазақстан облысының шекарасында Біріккен Араб Әмірлігінің төрт азаматы мен жергілікті екі тұрғынның көлігін тексеру барысында 1 сұңқар, 1 безгелдек, 2 қарабауыр мен 2 қоян табылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың 2 қазанында болған. Біріккен Араб Әмірлігінің төрт азаматы мен жергілікті екі тұрғынның Nissan Patrol мен Toyota Land Cruiser Prado көлігімен болғаны айтылады.
"Оқиға орнына Сарысу аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ереже бұзушылардың аты-жөні анықталып жатыр. Кейінірек қосымша мәлімет берілетін болады", - деді ведомстводағылар.