Қазақстанда пандемия кезінде медицина саласында 869 құқық бұзушылық анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезеңде дәрілік заттарды алыпсатумен айналысудың жолын кесу бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізуде.

Атап айтқанда, елде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал аясында жекелеген препараттарға жоғары сұранысты пайдалана отырып, нарықтың жосықсыз қатысушылары дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада өткізу үшін белгіленген шекті бағаларға қарамастан, оларды жоғары бағамен сата бастады (қайта сату). 

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 3 тамызы аралығында дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 522 фактісі анықталды. Сонымен қатар, оларды заңсыз сату мен дайындаудың 338 фактісі белгілі болды.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында барлығы 869 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 қылмыстық және 745 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Аталған санның 742 фактісін ішкі істер органдары, 111-ін – Экономикалық тергеу қызметі, 14-ін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және 2-ін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі анықтады.

Мысалы, Ішкі істер органдары Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріхананың қосалқы үй-жайынан түрлі дәрілердің 2811 орамасын, құюға арналған 2650 жүйені, 400 дана бетперде мен 15 литр антисептикті заңсыз сату фактісін анықтады, ал дәріхананың өзінде олар сатылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 7,4 миллион медициналық масканы заңсыз сату фактісі бойынша, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған Қостанай және Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

Экономикалық тергеу қызметі жалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды басқа тауар белгісін пайдалана отырып, заңсыз өндірісті жолға қойған Алматы қаласының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. 60 мың дана контрафактілік 17 түрлі дәрі-дәрмек тәркіленді.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдары дәрі-дәрмек өндірушілер мен жеткізушілердің арасында бағаға қатысты сөз байласуға, оларды емдеу мекемелерінен жымқыруға, гуманитарлық көмекті сатуға жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Бұл ретте құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмысы аталған іс-шараларды орындау кезінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан жұмыс пен қылмыстық істерді тергеу Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ерекше бақылауында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro