19 мамыр 2021 | 11:07

Қазақстанда шекарадан жүк пойызымен заңсыз өткен ресейлік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Ресейдің 51 жастағы азаматын Қазақстан полициясы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің 51 жастағы азаматын Қазақстан полициясы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары мәліметі бойынша, ер адам Ресейден жүк пойызымен шекара бекеттерін айналып өтіп, Қазақстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

"Биыл 15 мамырында Петропавл станциясында жедел-профилактикалық шара өткізу барысында көлік полициясы қызметкерлері Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматын анықтап, ұстады", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Полицейлер бұл деректі ҚР ҚК-ның 392-бабы 1-бөлігі "Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Ұсталған ер адам биыл сәуірден бері Ресей Қылмыстық кодексінің 166-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети