Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бір жыл бұрын Павлодар облысында құрылған "Лидер Капитал 168" МҚҰ ЖШС қызметінің жолы кесілді. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Лидер Капитал 168" қызметінде қаржы пирамидасы белгілері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы уақыт ішінде ұйым 100-ден аса адамды алдаған. Оларға салым сомасынан 10 пайыз табыс түседі деп уәде етілген. 

Қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

"Құрметті азаматтар! ҚР Ұлттық банк түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстан аумағында халықтан ақша тартумен тек екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті органның лицензиясы негізінде Ұлттық пошта операторлары айналыса алады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі күмәнді компанияларға ақша салмауға шақырады. Осы ұйымның арбауына түссеңіз, мына сенім телефондарына хабарласуды сұраймыз: 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81", - делінген хабарламада

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети