Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Фото: elements.envato.com

Ақмола облысында 450 миллион теңгеден аса шығын келтерген қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 450 миллион теңгеден аса шығын келтерген қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатқан.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына екі мыңнан аса адам тартылған. Шығын 450 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Агенттік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабында және ҚР ҚК-ның 217-бабында қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жұлдыздар жарнамалап, қаржы пирамидалары ісінің арты шуға айналған бірқатар жайт болды. Мысалы, биыл сәуірде алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети