Қазақстанда танктерге ескі қозғалтқыштар орнатылып келген - ҚМА

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда танктерге ескі қозғалтқыштар орнатылып келген - ҚМА Видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігі Семей машина жасау зауытында миллиард теңге ұрланғанын анықтады, онда танктерге жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар орнатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі Семей машина жасау зауытында миллиард теңге ұрланғанын анықтады, онда танктерге жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар орнатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады. 

Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырған.

Семей қаласы сотының үкімімен Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети