24 наурыз 2023 | 08:48

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттар шығару үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды.

Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ биылғы наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.

Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурызда Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар - көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық ұсталды.

Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электронды таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді.

Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі - 72,7 тонна. Осылайша, 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл - 8 миллион бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети