Қазақстанда ұрлық азайған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұрлық азайған Фото:depositphotos.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 11 айдағы ұрлық деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 11 айдағы ұрлық деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ұрлықтардың 28,1 пайызға, 40 458-ден 29 089-ға дейін (11 ай бойынша) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Ұрлықтардың ең көбі Алматы және Астанада (6 675/3 727) ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).

  • Ұялы телефондар ұрлығы - 31,2 пайызға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Бұл ретте, ұялы телефондар ұрлығының еңкөбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.
  • Автокөлік ұрлығы бойынша - 46,1 пайызға 256-дан 138-ге дейін төмендеу байқалады.
  • Пәтер тонау бойынша да қылмыстың - 33,7 пайызға, 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.
  • Сондай-ақ, мал ұрлығы бойынша - 30,3 пайызға 1 432-ден 998-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады. Мал ұрлығы деректерінің ең көбі Алматы - 194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97; облыстарында тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети