Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылы ұрлықтың 45 пайызы және тонау жағдайларының 55 пайызы ашылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылы ұрлықтың 45 пайызы және тонау жағдайларының 55 пайызы ашылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізде қоғамдық жерлердегі қылмыстың саны 12,7 пайызға азайғанын, ал көшеде жасалатын қылмыстардың 13,8 пайызға азайғанын айтады. Ізін суытпай ашылған 18 мың қылмыс тіркелген. Олардың ішінде 6 389-ы - біреудің мүлкін жымқыру, 60-ы - қарақшылық шабуыл және 89-ы адам өлтіру дерегі тіркелген. Сондай-ақ, 227 мыңнан аса қоғамдық тәртіп бұзушылыққа тосқауыл қойылғаны айтылады.
"Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында видеобақылау камераларының саны көбейіп жатыр. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 5 903 видеобақылау камераласы орнатылған. Ол камералардың көмегімен 1,5 мыңнан аса қылмыс ашылып, 211 мыңнан аса ережебұзушылық анықталды", - делінген министрлік өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалған берген жауабында.
Бұдан бөлек, жол апатының 5,4 пайызға азайғаны айтылады. Бірақ жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың саны 6,2 пайызға көбейген.
2017 жылы: 935 адам өлтіру дерегі тіркеліп, оның 91,3 пайызы ашылған; 680 тонау дерегі, оның 79,5 пайызы ашылған, 9 450 қарақшылық, 55,6 пайызы ашылған; 192 913 ұрлық дерегі, оның 45 пайызы ашылған.
Ал 2018 жылдың 6 айында: 520 адам өлтіру дерегі тіркеліп, оның 91,1 пайызы ашылған, 313 қарақшылық дерегінің 84,7 пайызы ашылған; 3 995 тонау дерегінің 65,9 пайызы ашылған және 88 040 ұрлықтың 48,3 пайызы ашылған.