Қазақстандағы арнайы операция: екі қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы арнайы операция: екі қылмыстық топ ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

14 мамырда Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүйелі түрде материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 мамырда Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүйелі түрде материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар қорғасын-мырыш кенін өндіру және өңдеу саласындағы ірі кәсіпорыннан ұрлық жасаған. Тергеу барысында көрсетілген кәсіпорынның бірнеше қызметкері күзетшілермен сөз байласып, бірнеше ай бойы ұрлық жасап, ұрланған заттарды заңсыз қабылдау пунктіне өткізгені анықталды.

"Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 18 адам қылмыс үстінде ұсталды. Ұрланған жанар-жағармай мен металл бұйымдары және автотехникаға арналған қосалқы бөлшектер тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

21 мамырда аталған өңірдің тұрғындарынан құралған бағалы металдардың заңсыз айналымына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Тінту шаралары барысында шамамен 17 тонна мыс концентраты, кенді қайта өңдеуге арналған жабдықтар, әртүрлі құжаттар мен ақша алынды.

"Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар басқа да қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети