21 ақпан 2014 | 16:37

Қазақстандық 673 жетім баланың тағдыры белгісіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото xakac.info сайтынан Фото xakac.info сайтынан

Бүгінде тиісті мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру жұмысының болмауы салдарынан шетелдік азаматтар асырап алған 700-ге жуық қазақстандық балалардың тағдыры беймәлім болып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, соңғы он бес жылдың ішінде Қазақстанда 50 мың бала асырауға алынды. Олардың әрбір бесіншісі, яғни 9 мың баланы шетелдік азаматтар алып кеткен. "Өкінішке қарай, Қазақстанның тарапынан олардың денсаулығы мен өмірін бақылау жұмысы сәтсіздікке ұшырады. Ол балаларды тіркеп жүрген құқық қорғау, сырты істер, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ қамқоршылық органдары арасында тиісті мекемеаралық үйлестіру жоқ. Соның нәтижесінде біз шетелдік азаматтар асырап алған 673 баланың қайда жүргенін де білмейміз", - деді А.Дауылбаев бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Онымен қоса, республика ішінде асырауға алынған балаларды бақылау жұмысы да дұрыс жолға қойылмаған. Құзіретті органдар 3,5 мың баланың тағдыры туралы есеп бере алмай отыр. Ал балалар құқықтарын қорғау саласында тәртіп бұзушылық азаяр емес. Прокуратура органдары кәмелеттік жасқа толмаған 800 баланың құқығын қорғады. 150 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, алты қылмыстық іс қозғалды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети