Қазақстандық әйел баспанаға мұқтаж жандарды 21 миллион теңгеге алдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әйел баспанаға мұқтаж жандарды 21 миллион теңгеге алдап кеткен Midjourney

Ақтөбе қалалық №2 соты қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп 21 миллион теңгеге алдап кеткен әйелге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қалалық №2 соты қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп 21 миллион теңгеге алдап кеткен әйелге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеген сотталушы алаяқтық схемасын ойлап тапқан. Бір жыл бойы жаңа тұрғын үй кешендерінен төмен бағамен бөліп төлеу арқылы пәтер сатып алуды уәде етіп, алғашқы жарналарды жинаған.

"Жәбірленушілер келісіп, алғашқы жарна ретінде ақша аударған. Сотталушы бұл қаражатты өз қалауынша пайдаланған. Осылайша, ол төрт жәбірленушіге жалпы сомасы 21 миллион теңге көлемінде зиян келтірген", – делінген сот хабарламасында.

Сот әйелді аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушының шын жүректен өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы сияқты жеңілдететін мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың қайталануы сияқты ауырлататын фактор ескерілді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети