15 қараша 2020 09:42

Қазақстандық әйел Грузияда 150 миллион теңгенің есірткісін жасады деген күдікке ілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның криминалдық полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз өндіру мен сатудың бұрын-соңды болмаған схемасын анықтады, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.


Грузияның криминалдық полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз өндіру мен сатудың бұрын-соңды болмаған схемасын анықтады, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Жергілікті ІІМ хабарлауынша, Тбилиси мен Батумиде кешенді тергеу шаралары жүргізілген. Жедел ақпарат негізінде Тбилисиде Қазақстанның 27 жастағы азаматшасы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адам түрлі химиялық заттар мен прекурсорлардан зертханалық жабдықты қолданып метедрон есірткісін жасаған, содан кейін оны Интернет арқылы сатқан.

"Полиция судьяның шешімі негізінде бірнеше рет айыпталушыдан есірткілер сатып алған, сондай-ақ аталған сатып алуды жасырын аудио және видеоға түсірген. Судьяның шешімі негізінде полиция зертханада метефедрон жасау процесінің жасырын аудио-видео түсірілімдерін де өткізді", - деді Грузия ішкі істер министрлігіндегілер.

Ұсталған адамды және уақытша тұрғылықты жерін, сондай-ақ әр түрлі жасырын жерлерді тінту кезінде 2,3 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ, есірткі өндірісіне қажетті химиялық заттар, прекурсорлар және тиісті зертханалық жабдық тәркіленген. Қара нарықта тәркіленген есірткі мөлшері шамамен 1,2 миллион лари (360 мың доллардан немесе 155 миллион теңгеден астам) болады. 

Айыпталған қазақстандық алтыдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети