Қазақстандық Илон Маск жолынан тайды: полиция “мінсіз” есірткі зертханасын әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Илон Маск жолынан тайды: полиция “мінсіз” есірткі зертханасын әшкереледі Бейнеден алынған кадр

Алматы облысында полицейлер жоғары технологиялы астыртын есірткі зертханасының жолын кесті. Оның ұйымдастырушысы бірнеше жыл бойы каннабисті өсірудің заманауи әдістерін зерттеп, арнайы жабдықтар сатып алған, тіпті кеңес алу үшін шетелге де барып тұрған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Алматы облысында полицейлер жоғары технологиялы астыртын есірткі зертханасының жолын кесті. Оның ұйымдастырушысы бірнеше жыл бойы каннабисті өсірудің заманауи әдістерін зерттеп, арнайы жабдықтар сатып алған, тіпті кеңес алу үшін шетелге де барып тұрған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық топ есірткінің заңсыз өндірісін – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруден бастап дайын өнімді VIP-клиенттерге сатуға дейінгі толық циклді жолға қойған.

"Жойылған фитозертхана заманауи автоматтандырылған желдету жүйесімен, температура, жарықтандыру және суару датчиктерімен жабдықталған. Онда жыл бойы құрамында есірткі бар өсімдіктердің жоғары концентрациялы сорттары өсірілген", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

Бүркеніштелген жеке кіреберісі бар жертөлені тінту кезінде полицейлер 29 түп сора, 27 келі дайын өнім, өсімдік өсіруге арналған жабдықтар, электронды ақпарат тасығыштар, байланыс құралдары, сондай-ақ 3 миллион теңге қолма-қол ақша тапты. Сонымен қата, оқ-дәрілері бар тіркелмеген травматикалық қару тәркіленді.

Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз бизнесті 40 жастағы ер адам ұйымдастырған. ІІМ хабарлауынша, "қазақстандық Илон Маск" ұзақ уақыт бойы каннабис өсіру технологияларын зерттеп, арнайы жабдықтарға тапсырыс берген және тіпті ауданы 100 шаршы метрден асатын жеке салынған ғимаратта өндірісті кеңейтуді жоспарлаған.

Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің құрамында есірткі бар шикізатты қайта өңдеудің заманауи әдістерін енгізіп, гашиш майы ретінде белгілі каннабиноидты сығындыларды дайындаумен айналысқаны анықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жалғастыру барысында ұйымдастырушының сыбайласы болуы мүмкін деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды, ол бұған дейін аса ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған. Оның гаражынан полицейлер төрт келіге жуық гашиш, өлшеп салынған өнімдер, zip-пакеттер және есірткі тұтынуға арналған құрылғыларды тапты.

Іс бойынша барлық фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық схеманың басқа да ықтимал қатысушыларын, сондай-ақ жабдықтар мен тұқымдарды жеткізу арналарын анықтауды жалғастырады. Қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған болуы мүмкін мүліктер, соның ішінде жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктерге тыйым салынған.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +25
Ақтау +21
Ақтөбе +15
Атырау +18
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +34
П
Павлодар +19
Петропавл +34
С
Семей +35
Т
Талдықорған +28
Тараз +24
Түркістан +15
О
Орал +32
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер