Қазақстандық жұлдыздар қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жазалануы мүмкін

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жұлдыздар қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жазалануы мүмкін Фото Тұрар Қазанғапов©

ІІМ қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ведомство бұл ұсынысты прокуратураға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ведомство бұл ұсынысты прокуратураға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасай отырып.

Телеарна мәліметінше, былтыр мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шеккен. Олар 54 миллиард теңгесінен айырылған.

"Қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар ақша салып, сол ақшаны ешқандай әрекетсіз көбейтуге жиі шақырады. Содан кейін полицияда зардап шеккендер мұқият болмай, осындай ұсыныстарға сеніп, миллиондарынан айрылғанын айтады. Бірақ қазір қаржы пирамидасының жарнамасы үшін жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - делінген сюжетте.

Сондай-ақ, алаяқтарды жауапкершілікке тарту бойынша статистика келтірілді. Зардап шеккен - 126 адам. 38 адам сотталды, қалғандары бойынша қылмыстық іс жалғасып жатыр. Оның қатарында "Гаранта 24 Ломбард" ұйымдастырушылар бар (17 мың зардап шеккен). "L-Капитал" пирамидасының екі ұйымдастырушысы да бар. Олардан 260 миллион теңгеге 300 адам зардап шеккен. Evolution corp. 3 миллиард теңге жинады. Сюжетте алаяқтарды табу қиын екені, өйткені барлық қаражат шетелге жіберілетіні айтылды.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 60 автокөлік, 4 пәтер, 5 жер учаскесі, 31 жеке үй бар. Іс сотта қаралып жатыр. Біздің ойымызша, тиімді құрал қылмыстық жауапкершілік тағайындау. Бұл ұсынысты бас прокуратураға жолдадық", - деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығы Санжар Әділов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети