Қазақстандық кәсіпкер салық төлеуден жалтарып, БАӘ-де жасырынып жүрген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпкер салық төлеуден жалтарып, БАӘ-де жасырынып жүрген видео кадры

Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден аса залал келтірген.

"Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйекте ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 адам экстрадицияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети