01 тамыз 2018 | 10:14

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shekaraknb.kz © shekaraknb.kz

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 2018 жылдың 1 тамызында сағат 02.50-де теңіз шекарашылары Каспий теңізін шолып жүріп 44˚25′ солтүстік ендік пен 50˚00′ шығыс бойлығының аумағында қос "Ямаха" моторлы "Байда" типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді. Қараңғыны қақ жарып кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған "Байда" қашуға бет алған кезде оны тоқтату үшін шекарашылардың, ескерту ретінде аспанға оқ атуына тура келді", -деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, шекара бұзушыларға зәкірді тастап, қолдарын көтеруге тура келген. Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары болып шыққан. Екеуі 52 жаста, біреуі 36 жаста, ал біреуі 20 жаста.

"Қайықтан 200 литр ауыз су, қосымша баллонымен газ плита, азық-түлік пен қосалқы бөлшектер табылғанына қарағанда олар теңізде ұзағырақ жүреміз деп үміттенген болуы керек. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети