Қазақстандық екі азаматқа Минскідегі ауыр қылмыстары үшін ұзақ мерзімді жаза берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының брифингінде мәлім болды.

"Үкім осы жылдың қазанында шықты. Сот Ысқақов пен Нұрпейісовке мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 23 жылға бас бостандығынан айыру туралы түпкілікті үкім шығарды", - деп мәлімдеді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрешісі Айжан Шаяхметова.
Сот бұл тұлғалардың екі адамды асқан қатыгездікпен өлтіргенін анықтады: әрқайсысына жиырма реттен артық пышақ салған. Қылмыс 2012 жылы желтоқсанда Минск қаласында болды.
Айта кетейік, Tengrinews.kz бұған дейін Минскіде тұрғын үйдің жалға берілген пәтерінен зорлықпен өлтірілген екі ер адамның денесінің табылғанын хабарлаған болатын. Қаза болғандардың біреуі 1985 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі - Ресейдің 1982 жылы туған азаматы. Асқан қатыгездікпен әрекет еткен қаскүнемдер олардың денесіне көп жерден пышақ салып, оларға тиесілі ірі көлемдегі ақшаны алып кеткен.
Астана қалалық ІІД мен Беларусь республикасының Тергеу комитетінің өзара әрекетінен кейін қылмыскерлер анықталды. Олар Қазақстан азаматтары болып шықты, екеуі де жауап алу кезінде қылмысын мойындады.