Ош әуежайында 2014 жылы желтоқсанда болған атышулы қарақшылық шабуылдың басты күдіктілері - құрамында Қырғызстан мен Тәжікстанның және Қазақстаннның бірнеше азаматы бар трансұлттық қылмыстық топ болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ошта өткен "Серіктестік - қауіпсіздікке апаратын жол" атты форумда Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Меліс Тұрғанбаев мәлімдеді. Еске сала кетейік, қарақшылық шабуыл 2014 жылы 27 желтоқсанда болды.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан полицейлері қажетті ақпараттарды қазақстандық әріптестеріне жіберді. "Егер қазақстандық тарап оларды ұстап, бізге берсе, біз оларды жауапкершілікке тартамыз. Біз қазірдің өзінде бұл қылмысқа қатысы бар Қазақстан азаматтары туралы қажетті барлық тұспалдар мен дәйектерді жіберіп қойдық", - деді ҚР ІІМ басшысы.
Еске сала кетейік, 2014 жылы 27 желтоқсанда Ош әуежайында арнайы жасақтың формасы мен бетперде киіп, қолдарына автомат ұстаған белгісіз алты адам қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Олар 5,6 миллион доллары бар 5 қара сөмкені алып кетті. Сонымен қатар, қылмыскерлер Қырғызстанның туристік фирмаларының бірінің директорын кепілдікке алып дипломатиялық номері бар автокөліктерге отырып қашып кетті. Қырғызстан ІІМ қызметкерлері шұғыл әрекет барысында қарақшылық шабуылды ұлтаралық қылмыстық топ мүшелерінің жасағанын анықтады. Әзірше Қырғызстанның бес азаматы ғана ұсталды. Олардан 50 Калашников автоматы мен Макаров тапаншасы тәркіленді. Қазақстан мен Тәжікстанның азаматтары әлі іздестіріліп жатыр.