03 қыркүйек 2015 | 10:01

Қазақстандықты жәбірлеген ресейлік полицейге қатаң үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk.ru © mk.ru

Ресейде Қорған облысы бойынша ІІДБ аппаратының қылмыстарды ашу бөлімінің бұрынғы басшысы есірткінің заңсыз айналымына байланысты 20 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды URA.Ru. Зардап шеккендердің бірі - Қазақстан тұрғыны.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде Қорған облысы бойынша ІІДБ аппаратының қылмыстарды ашу бөлімінің бұрынғы басшысы есірткінің заңсыз айналымына байланысты 20 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды URA.Ru. Зардап шеккендердің бірі - Қазақстан тұрғыны.

35 жастағы Антон Антонов өз лауазымын пайдаланып, есірткі заттарының ірі көлемде контрабандасын ұйымдастырды делінген үш жағдай бойынша, лауазымын асыра пайдаланудың үш дерегі бойынша айыпты және жедел-іздестіру жұмыстарының қорытындыларын бұрмалады деп танылды. Антоновтың бұрын істі болған төрт сыбайласы 15-тен 17 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Антонов бірнеше рет өз бөлімшесінің жұмыс көрсеткішін қолдан көтермелеп көрсетуге тырысқан және оны есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан таныстарының көмегімен, "Петропавл - Макушино" электрпойызының жолаушыларына ірі көлемде есірткіні "салып жіберу" арқылы жүзеге асырып отырған. Олардың бірін жедел-іздестіру шараларының қорытындыларын бұрмалау арқылы полиция "ұстады". Есірткіні салып жіберу ісінің құрбаны болғандардың тағы бірі шекара бақылауынан өту кезінде ұсталды. Үшіншісі - Петропавл тұрғыны - ол қылмыс жасағысы келмесе де контрабандаға арандады.

Есірткінің заңсыз айналымына жол бермеуі тиіс болған полиция қызметкерінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан екі зардап шегуші жалған айыптың кесірінен істі болып, ұзақ уақыт қамауда отырды.

Полицей өткен жылы мамырда жұмыс орнында ұсталды. Тергеу кезінде полицей мен оның сыбайластары тұтқында болды. Антонов үкім шыққанға дейін жұмысынан қуылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети