Қазақстанға 220 смартфонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға 220 смартфонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстанға 50 миллион теңгенің смартфондарын заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға 50 миллион теңгенің смартфондарын заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 мамырда ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қордай" өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан.

"Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы - 50 миллион теңге шамасында", - делінген хабарламада.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети