Қазақстанға миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болған ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болған ер адам ұсталды Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Нұр-Сұлтан әуежайында елге заңсыз алтын кіргізбек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әуежайында елге заңсыз алтын кіргізбек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық рейс жолаушыларын шекаралық бақылау пунктінен өткізу кезінде заңсыз зергерлік бұйымдарды елге кіргізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды.

"Алтын бұйымдардың жалпы салмағы 34 келіден асты. Ұсталған тауардың алдын ала сомасы миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-бөлігі "Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда" бойынша тіркелді.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі

Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар одан ары сот ісін жүргізу үшін Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу бөліміне беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети