04 қараша 2022 10:34

Қазақстаннан 54 миллион теңгенің бензині заңсыз шығарылған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жанармай қоспасы" деген желеумен құны 54 миллион теңге болатын бензинді Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


"Жанармай қоспасы" деген желеумен құны 54 миллион теңге болатын бензинді Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері жалпы құны 54 миллион теңге болатын 165 тонна көлеміндегі АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны "жанармай қоспасы" деген желеумен елден заңсыз әкету дерегін анықтады. Сондай-ақ, сол компания 89 миллион теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистернаны Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, осы компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, 54 миллион теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімі бойынша ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети