Қазақстаннан аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған ресейлік экстрадицияланды

Қазақстаннан аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған ресейлік экстрадицияланды Tengrinews.kz коллажы

Қазақстаннан Ресейге аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан Ресейге аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-бөлігінің "а" тармағымен сотталған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды. Осы іс бойынша сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

2009 жылдың мамыр айының басында сотталған К. есірткі және героинді сату арқылы заңсыз материалдық байытуға бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны анықталды.

Қылмыскер ұсталып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесіне қамауға алынды. Мерзімнің көп бөлігі аяқталғаннан кейін сотталған Бас прокуратураға Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш жазып, онда бүгінде оның отбасы мен туыстары тұратынын жеткізді. Ресей тарапынан қажет ақпарат пен сотталғанды қабылдау туралы растауды алған ҚР Бас прокуратурасы жазасын өтеушіні экстрадициялауға келісім алды.

Азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Ресей Федерациясымен, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Тәжікстан елдерімен экстрадициялау туралы келісімшарттар жасасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети