Қазақстаннан қанша шетелдік қылмыскер экстрадицияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан қанша шетелдік қылмыскер экстрадицияланды

Қазақстаннан қанша шетелдік қылмыскер экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан қанша шетелдік қылмыскер экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылы ведомство іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау туралы шет мемлекеттерден түскен 90-нан астам өтінішті қарағанын, оның 80-і қанағаттандырылғанын мәлімдеді.

"Қазақстанның негізгі әріптестері Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан болып табылады, олармен экстрадициялау мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ең үлкен көлемі атап өтіледі. Аталған мән-жайлар мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ұқсастығына, олардың географиялық орналасуының жақындығына және көші-қон ағындарының қарқындылығына байланысты", - делінген хабарламада.

Қылмыс санаттары бойынша адамдар негізінен алаяқтық, ұрлық, адам өлтіру, есірткінің заңсыз айналымы үшін беріледі.

Ведомство мәліметінше, мысалы, Ресей Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша 2022 жылы осы елдің азаматы А.Ж. Урзагулов мемлекетаралық іздеуде болған және Ақтөбе облысының аумағында ұсталған. Ресейдің құқық қорғау органдары оны Н.М. Жумагазиевті атыс қаруымен топтық өлтірді деп айыптаған.

Орынбор облыстық сотының үкімімен А.Ж. Урзагулов аталған қылмысы үшін 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

75 000 АҚШ доллары сомасына алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстанға берілген Г.Т. Нәбиев Самарқанд қалалық қылмыстық сотының үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сондай-ақ өткен жылы ресейлік құқық қорғау органдарына Давлатов С.Т., Авдеев С.В., Алиев Р.Х. және Транда Е.В. ауырлататын мән-жайларда адам өлтіргені үшін; Р.С. Хатов, А.А. Соколов, Х.М. Гадамаури есірткі сатқаны үшін берілген.

Грузия Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Р.М. Чхиквадзе денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін, Қырғыз әріптестерінің сұрау салуы бойынша қарақшылық жасағаны үшін Н.К. Құрманбеков берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети