11 тамыз 2021 | 12:26

Қазақстанның 5 қаласында вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде, Павлодарда және Таразда тұрғынадарға жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде, Павлодарда және Таразда тұрғынадарға жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жалған вакцинация паспортын заңсыз сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар анықталды", - деді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі.

Жалған вакцинация паспорты 5 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін сатылған.

Реклама
Реклама

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша, яғни құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Жалған вакцинация паспортын алған 37 азамат, сондай-ақ 12 тұрғын, оның ішінде сегіз медицина қызметкері жалған құжат жасағаны анықталды", - деді агенттік қызметкері.

Басқа күдікті тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін 9 тамызда 20 медицина қызметкерінің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Оларды полицейлер жалған вакцинация паспорты және ПТР-анықтамасын қолдан жасау бойынша әшкерелеген.

Еске салайық, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді. 

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram