Мәскеуде 28 миллион рубльді ұрлады деген күдікпен Қазақстанның 72 жастағы тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәскеуде 28 миллион рубльді ұрлады деген күдікпен Қазақстанның 72 жастағы тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полицейлер Қарағанды облысы тумасының 2012-2015 жылдар аралығында белгісіз адамдармен бірігіп алаяқтық жолмен азаматтардан ақша алғанын анықтады. Әйел зардап шегушілерді Мәскеудегі түрлі банктен несие рәсімдеп, баюға жол ашатын тиімді бизнес-жобаларына ақшаны салып беремін деп сендірген", - делінген хабарламада.
Азаматтардан ақшаны қарызға алған әйел оларға несиенің 10 пайызын төлеп, қалғанын кейінірек беруді уәде еткен. Сонымен қатар, күдікті несие рәсімдеуге достары мен туыстарын тартқандарға төлем бағасын көтеріп беруді ұсынған.
Бастапқыда қарыз расымен де төленіп отырыпты, алайда кейін азаматтарға банк қызметкерлері хабарласып, қарыздарының артып жатқанын ескерткен, ал "бизнес-серіктес" ол кезде байланысқа шықпаған.
Зейнеткерге қатысты "ірі мөлшерде жасалған алақтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Полиция қызметкерлері оның сыбайластарын анықтап, іздеп, қолға түсіру үшін тиісті шараларды жүргізіп жатыр, сонымен қатар, олардың өзге қылмыстарға қатыстары тексеріледі", - делінген хабарламада.