Қазақстанның алты өңірінде іздеуде жүрген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты өңірінде іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облысы мемлекетаралық іздеу жариялаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облысы мемлекетаралық іздеу жариялаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс полиция бөлімі Үштөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына бөтеннің мүлікін ұрлағаны үшін іздеу жарияланған. Күдікті қаладан қашып, өзінің криминалды іздерін қалдыра отырып, алаяқтық "гастрольдерін" ары қарай жалғастыра берген. Осылайша, ер адам сегіз қылмыс бойынша Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау органдарына танымал болған. Олардың қатарында: Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр және Алматы аудандары, сонымен қатар Ақмола, Павлодар және Алматы облыстары.

"Келіп түскен ақпаратты тексере отырып, біз күдіктіні құрықтадық. Іздеудегі азаматқа бірнеше сот тұтқындауға санкция бергені ескеріле отырып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Амандық Асылханов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети