04 мамыр 2022 | 17:03

"Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керек" деген тұрғын істі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fishki.net © Fishki.net

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Желіде Орал, Петропавл, Павлодар қалаларын Ресейге беруі керек деп пікір жазған. Полиция жазба авторына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Желіде Орал, Петропавл, Павлодар қалаларын Ресейге беруі керек деп пікір жазған. Полиция жазба авторына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, әлеуметтік желі қолданушысы Максим Яковенко арандату мәніндегі ақпараты бар пост жариялап, ол қоғамдық резонанс тудырған. Өз постында ол Ресейге Қазақстанның бірнеше қаласын беру керек деп жазған.

Полицейлер мұндай арандатуға ермеуге шақырды.

"Осы мәлімдемемен ол ұлтаралық алауыздық туындауына себеп болды. Бұл дерек бойынша Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция департаменті әлеуметтік желілердің барлық пайдаланушысына осындай арандатушылық жазбаларға бой алдырмауға және жағдайдың тұрақсыздануына ықпал етпеуге шақырады. Сондай-ақ, мұндай арандатушылық мәлімдемелер қылмыстық жазасы бар әрекет екенін еске салады. Барлық азамат бір-біріне құрметпен қарауы керек, мұндай жазбалардың мақсаты - біздің қоғамда дүрбелең салып, қақтығыстарға сеп болу", - делінген ведомство хабарламасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKaz?? (@policebqo)

ҚР Қылмыстық кодексінің бұл бабы бойынша 12 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети