Қазақстанның екі қаласында халықты 200 миллион теңгеге алдаған интернет алаяқтар тобы ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жеті адамнан тұратын алаяқтардың қылмыстық тобын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жеті адамнан тұратын алаяқтардың қылмыстық тобын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған.

Топ үш айда құрылған. Әр қатысушының өз рөлі болған. Мысалы: ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берді, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды - "дропперлерді" таңдады. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан таңдаған.

Төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілген.

Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған. Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro