01 қараша 2017 | 13:21

"Қазақтарды итше қыру керек" деп жазған өзбекстандық мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2004 жылдан бері Қазақстанда жүрген 47 жастағы Өзбекстан азаматы ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша айыпталып отыр. Бұл іске қатысты сот отырысы Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр. 

Ер адам сот залында тұрып, мұндай жазба қалдыруға ненің итермелегенін түсіндірді. 

"Менің жүрегім нашар. Сонымен қоса, ішімдікті қоя алмай жүрмін. Бірақ ол күні ұрттағаным да жоқ. Велосипедпен кетіп бара жатқанымда мені екі жігіт тоқтатты. Темекі сұрады, аузына келгендерін айтып, ақша талап етті. Біреуі мені ұрып жіберді, велосипедімді тартып алмақ болды. Осыдан кейін қаным басыма шауып, ашуым келді. Жерде жатқан маркерді көрдім. Аялдама тұр екен. Ашумен осындай сөздер жазып қойыппын. Сосын кетіп қалдым, ал 7 күннен кейін мені ұстады", - дейді айыпталушы. 

Ер адам сөзді ашумен жазғандықтан ешқандай арамдық ойламағанын айтады. "Қолым өздігінен жүгіріп кетті, қабырғаны сызып жүрген оқушының қылығындай", - дейді сотталушы БАҚ өкілдері арқылы барша қазақстандықтарға. 

"Мұндай болады деп ойлағам жоқ. Мен Қазақстанның барша халқынан ресми түрде кешірім сұрауға дайынмын. 2004 жылдан бері Қазақстандамын. Сол көшеде тұрамын. Кран басқаратынмын, мамандығым сол. Осындағы көптеген құрылыстарда еңбек еттім. Соңғы екі жыл жұмыс істей алмадым. Жүрегім ауырады, емделуге ақшам жоқ. Ол ауырған кезде ішімдік ішемін. Осы ішімдік ойымды тұмшалады", - дейді ер адам. 

"Қымбаттыларым менің қазақстандықтарға, қазақтарға еш өкпем жоқ. Олар маған үнемі қол ұшын беретін. Солардың арқасында аман қалдым десе де болады. Өзбекстанда жұмыс болмаған соң осында келдім. Мұнда адамдар соңғы нанымен бөлісетін. Шын жүрегіммен айтамын: менің еш өкпем жоқ", - дейді 47 жастағы ер адам. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети