"Қазатомөнеркәсіп" АҚ экс-басқарушы директоры Валерия Шевелеваға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл қылмыстық іс 2014 жылдың 19 шілдесінде Өскемен қалалық №2 сотының қарауына жолданған", - делінген агенттіктің Tengrinews.kz-тің сұрағына қайтарған жауабында.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың наурыз айында қаржы полициясы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ 1,3 млрд теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айыппен компанияның басқарушы директоры В.Шевелева мен "Қазатомпром-Демеу" ЖШС директорының орынбасары С.Әбдразақовты және "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС директоры әрі "Әлібеков" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Әлібековты қамауға алған болатын. Лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталды.