11 шілде 2019 15:29

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген елордалық баспасөз қызметінде. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен "Қазгидромет" РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде Қазгидрометтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрианов пен Қазгидромет бас директорының орынбасары Сұлтанов ұсталғаны белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети