"Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактілері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта департаменттің экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі "Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС арызына сәйкес ҚР Қылмыс Кодексінің 190-бабының 4-тармағына сәйкес жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген дерекпен тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеру барысында компанияның бөлім қызметкерлерінің тарапынан жалған жеке тұлғаларға АИ-95, АИ-92, АИ-80 және дизельді отынға талондардың шығарылғаны анықталды. Бұл жалған әрекет үшін іс жүзінде төлемдер жүргізілмей, бухгалтерлік есеп те бұрмаланған", - делінген хабарламада. Қазіргі таңда қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтауға байланысты сараптамалық тексерулер, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің өкілдері тергеу нәтижелерінің бұқараға ашық жарияланатынын айтып отыр.