"ҚазМұнайГаздың" бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаздың" бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды Ибулла Серді. Фото: intergas.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі агенттігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады.

Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.

ҚМА мәліметі бойынша, іздеудегі адамды анықтау немесе сол болуы мүмкін екені туралы ақпаратты агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети