"Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директорына 7,5 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директорына 7,5 миллион теңге айыппұл салынды

"Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ол "Қазпошта" АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған.

"Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети