13 маусым 2022 15:36

"Қазпошта" компанияны бопсалаған "хакерлерге" арызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы хакерлік форумда "Қазпоштаның" деректер базасы сатылымға қойылғанын хабарлады. "Қазпошта" жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы хакерлік форумда "Қазпоштаның" деректер базасы сатылымға қойылғанын хабарлады. "Қазпошта" жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хакерлік форумдардың бірінде "Қазпоштаның" бэкап серверіне қолжетімділік беретін деректер базасы сатылымға қойылды. Хабарламада мәліметтер базасының жалпы көлемі 110 гигабайт болатын 44 кесте және шамамен 12 миллион жазба бар екені көрсетілген. Сондай-ақ, мәліметтер базасының мысалы келтірілген", - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, деректер базасында мынадай ақпарат болған:
- Пошта жөнелтілімдері туралы деректер
- Автосақтандыру
- Несие сұраулары (мақұлдау, бас тарту, несие мақсаты )
- Депозиттер
- Ақша аударымдары
- Шоттар мен карталарды ашу
- Қызметкерлер туралы ақпарат (лауазымы, аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі)

Негізгі жеке деректер - адамның толық мекенжайы, телефон нөмірі, аты-жөні, туған күні, төлқұжат деректері, пошта, автосақтандыру полисі, ішінара карта нөмірлері және басқалары.

TSARKA дерекқордың жарияланған мысалын тексеріп, бұл шынымен "Қазпошта" деректеріне ұқсайтынын мәлімдеді.

Ақпаратқа қатысты "Қазпошта" түсінік берді.

"Хакерлік форумда "Қазпошта" АҚ деректер қорының бэкап сервері бар екені туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға бірнеше рет компанияға бопсалау мақсатында бірнеше мың долларға ақпаратты сатып алуды ұсынған. "Қазпошта" серверлерінен ақпарат шыққан жоқ", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

"Қазпошта" өкілдері хабарландыру жарияланғанға дейін бопсалау туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бергенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети