15 қаңтар 2015 | 13:14

"Қазпоштадан" ақша ұрлаған Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақмола облысында "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшесіне кіріп, 2 502 836 теңгені ұрлап кеткен Ресей азаматы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зейнетақы төлеуге арналған қаржыны қолды қылған Жәнібек Табанбаевқа қатысты айыптау үкімін Еңбекшілдер аудандық соты шығарды, алайда үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған ақшаның жартысы тергеу барысында табылып, пошта бөлімшесіне қайтарылды. Енді сот үкіміне сәйкес, Табанбаевтың мүлкі тәркіленеді. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, ұрланған соманың қалған 806 486 теңгесі сотталған Табанбаевтан "Қазпошта" акционерлік қоғамының пайдасына өндіріліп алынады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсанда Оралда жетім және мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері сотталған болатын. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, материалдық жауапты тұлға болған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері, өздерінің "Колвир" жүйесіндегі логині арқылы, жалған құжат жасап, жетімдер мен мүгедек балалардың ақшасын ұрлаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети