"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны және пара бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданы сотының 2014 жылдың 25 тамызындағы үкімімен Құнанбаев Полат Бегайдарұлы қаржы полициясы қызметкерлеріне ірі көлемде пара беруге, ірі көлемдегі мемлекет мүлкін жымқыруға және ресми құжаттарға көпе-көрінеу жалған мәліметтер енгізуге айыпты деп танылды", - делінген таратылған хабарламада.
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының экс-директорына мүлкін тәркілеумен және жетекшілік лауазымдарды иелену құқығынан бес жылға айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Еске сала кетейік, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының директоры өткен жылдың қазан айында тұтқындалған болатын. Қаржы полициясына пара беріп құтылмақ болған ол қызметкерге 1,5 млн теңге ұсынып жатқан кезде ұсталды.
26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы кәсіпорынның 4,8 млн теңгесін жымқыру дерегі бойынша компания филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық іс мәліметінше, компания басшылары кәсіпорында қызмет етпейтін инженердің жұмысқа шыққаны, оның банктегі карточкасына жалақы аударылғаны туралы кесте толтырған.