ҚазҰАУ студентін ақша үшін өлтірген болуы мүмкін - БАҚ

13 Сәуір 2017, 00:13
0
ҚазҰАУ студентін ақша үшін өлтірген болуы мүмкін - БАҚ - Сурет әлеуметтік желіден
Сурет әлеуметтік желіден

Марқұмның өлімі әлімжеттік себеп болуы мүмкін. Бірақ университет басшылығы жатақханада ешқандай жанжал болмағанын айтады. Бұл уәжге тек марқұмның ата-анасы сенбеді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қайғылы оқиға бүгін түнде болды. Аграрлық университеттің жатақханасында студенттер төбелесіп, салдарынан 1-ші курста оқитын Дидар Болысбек көз жұмған. Телеарна мәліметінше, жаппай жаға жыртысуға әлімжеттік себеп болуы мүмкін. Прокуратура қызметкерлері екі күдіктінің ұсталғаны туралы мәлімдеген. 

"ҚазақҰАУ жатақханасында 1-2 курс студеттері арасында төбелес болған. Бір адам қаза тапты. Күдіктілердің бәрі анықталған. Тергеу жүріп жатыр", - деді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Ербол Құлбаев. 

Жатақханадағы төбелестен тек оқу орнының басшылары хабарсыз. Немесе мойындағылары келмейді. Тілшілерге жағдайды түсіндіруге жарамай, олардың орнына есік алдындағы күзетші ақталып әлек.

"Сағат екі жарымда қасында жатқан жігіттер жедел жәрдемге хабарласқан. Төбелес болғанын көрген жоқпыз. Тып-тыныш жатақхана", - деді ҚазҰАУ күзетшісі Азамат Қалмаханбетов. 

Алайда Дидардың туыстары бұл пікірмен келіспейді. Олар дені сау ұлдарын үлкен курстың студеттері сабағанына сенімді.

"Жабылып  ұрған. Жоғары курстың балалары жоғары курстың балаларын ұратын салт бар дейді. Әскердегі "дедавщина" сияқты", - деді Дидардың нағашы ағасы Сембек Қартаев. 

Аграрлық университетте әлімжеттіктің өршіп тұрғанын марқұмның достары да растап отыр. Оның үстіне, Дидар бұған дейін сыныптастарына да мұңын шаққан екен.

"Өте жақсы момын бала еді. Ешкімге зияны жоқ. Сабағын жақсы оқитын. Грантқа ілінген. Құдай бұйыртса бірінші курсты бітіріп ауылға қайтамыз деп жүр едік", - деді Дидардың досы Бауыржан. 

Қайғы жамылып отырған отбасы ұлдарының өліміне кінәлі жігіттерді ғана емес, осы жағдайға жол берген оқу орны басшылығын да жазалауды талап етіп отыр. 

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы (ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 194-бабы) бойынша біріңғай реестрге тіркелген. Қылмысқа күдікті ретінде осы жоғарғы оқу орнының екінші курстың екі студенті ұсталып, қамауға алынды. Басқада адамдардың осы іске бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы мақсатта кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ІІД -нің баспасөз қызметіндегілер. 

"Ол жерде күтпеген клиникалық өлім. Оның денесінен сырылған немесе соққы іздері табылған жоқ. Онда кезекшілер 12-ге дейін болды, содан кейін кетіп қалған. Мен әрдайым балалармен, студенттермен біргемін. Мен түнде Түркиядан ұшып келдім, онда бүкіләлемдік конгресс өтті. Таңертең жатақханаға келдім. Бұлар - менің балаларым, мен осылар үшін өмір сүріп, жұмыс істеймін. Маған өте ауыр тиді", - деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов. 

Сонымен қатар, тілшінің төбелеске қатысқан қалған тоғыз баланың есімдері кімдер деген сұрағына, әкімшіліктегілер тергеу жүріп жатқандығын және ресми түрде тергеу қорытындысы бойынша жарияланатынын жеткізді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Төбелес болған жер. Жатақхана аумағы. © Tengrinews.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай