28 қараша 2022 | 15:52

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өлімі: күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректорының ұлының өліміне қатысты күдікті ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Реклама
Реклама

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамауда отыр", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар 2022 жылы 11 қаңтарда Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған. Елнардың көлігіне белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салдарынан ол оқиға орнында қаза болған. Оқиға Сәтбаев көшесіне жетпей Назарбаев көшесінің бойында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная