Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды - Бас прокуратура

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін кедендегі тексерудің қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін кедендегі тексерудің қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соның салдарынан мемлекетке 165 миллиард теңге залал келтірілді. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 дерегі анықталды", - делінген хабарламада. 

Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлерді салықтан жалтару үшін соңғы екі жылда 221 миллиард теңгенің шот-фактураларын қолдан жасағаны хабарланды.

"Тексеру жүргізілген бір айдың ішінде жалпы құны 800 миллион теңге болатын контрабанданың 16 дерегі анықталды. Мысалы, Group Of The Companies Tda ЖШС жүктерін тексеру кезінде жалпы құны 287 миллион теңгенің декларацияланбаған тауары анықталды. ЖШС директоры М. қамауға алынды", - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер дерегі тіркелген.

"Биыл 27 қаңтарда "Берекет Логистик" ЖШС жүгін қайта тексеру кезінде прокуратура қызметкері құны 127 миллион теңге болатын 22 тонна контрабанданы анықтады, ал "Нұр жолы" кеден бекетінің маманы Мошканов алғашқы тексеру жүргізіп, декларацияланбаған тауардың салмағы тек 337 келіні көрсетті", - деді Бас прокуратура.

Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді түзету арқылы 9 импорттаушыға 143 миллион теңге сомаға тауарлардың кедендік құнын тексеруден өтуге мүмкіндік берген.

"Антикор мен Бас прокуратураның бірлескен күшімен қылмыстық әрекетті имитациялаған прокуратура қызметкеріне 50 мың доллар пара бергені үшін "Нұр жолы" кеден бекетінің бастығы мен оның орынбасары ұсталды. Сондай-ақ, тексерушілерге 30 мың доллар көлемінде пара бергені үшін Cargo Management ЖШС өкілі қамауға алынды", - деп қорытындылады ведомствода.

Жоғарыда аталған деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro