Кентау әкімінің орынбасары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кентау әкімінің орынбасары сотталды © Тұрар Қазанғапов

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Берік Кнатовқа қатысты жемқорлық ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот үкімі Кентау қалалық сотының кабинетінде жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Берік Кнатовқа қатысты жемқорлық ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот үкімі Кентау қалалық сотының кабинетінде жарияланды. 

"Кнатов Берік Кыстаубайұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу") бойынша кінәлі деп танылсын, осы баппен оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін", - делінген сот үкімінде. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, 2017 жылы қазанда Кентау әкімінің орынбасары парамен ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, Берік Қанатов әкімдікке есеп беруші ЖОО басшысынан 3,5 миллион теңге пара алған. "Бұл сома - өзіндік бір пара берудің түрі. Бұл "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге күрделі жөндеу өткізу үшін бөлінген қаржының берілген 15 пайызы", - делінген Ұлттық бюро департаментінің хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети